Фируза Шарипова интернеттегі алаяқтардың тұзағына ілінді

Сурет: Instagram/sharipova_firuza
Бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова алаяқтарға алданып, ақшасынан қағылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстандық боксшы интернет арқылы жаңа жылдық шыршаға тапсырыс берген. Бірақ, кейін белгілі болғандай, Шарипова алаяқтардың тұзағына ілінген болып шықты, деп хабарлайды allfight.

Мені жаңа ғана интернет-алаяқтар тақырға отырғызды. Instagram-дағы дүкенге шыршаға тапсырыс беріп, 42 мың төледім, бірақ жауаптың орнына өте дөрекі сөздер естідім. Басқа жерге тапсырыс беруіме жөн сілтеп: "Сізге ештеңе де жоқ, шырша да, ақша да жоқ", – деді. Мен оларды табу үшін құқық қорғау органдарына арызданамын, олар енді басқа азаматтарды да алдап жүрмесі үшін. Бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова

Шарипова кәсіби бокстан үш салмақ категориясы бойынша әлем чемпионы. Ол соңғы рет 12 желтоқсанда Ливерпульде Ирландияның абсолютті әлем чемпионы Кэти Тэйлормен жұдырық түйістірді, жерлесіміз ол кезде жеңіліп қалған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды