Қазақстан гандболдан Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан гандболдан Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 19:03 Сурет: olympic.kz
Алматыда әйелдер командалары арасында гандболдан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші кездесуінде де жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы отандастарымыз Үндістан құрамасынан басым түсті. Ойын 33:27 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Еске салайық, қазақстандық гандболшылар алғашқы ойында Аустралия құрамасын жеңген болатын.

Қазақстан құрамасы В тобындағы келесі кездесуін ертең, 25 қарашада Өзбекстанға қарсы өткізеді.

Азия чемпионаты 3 желтоқсанда мәресіне жетеді. Жарыстың қорытындысы бойынша үздік төрт құрама 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: