Роналдудың мүсіні үндістандықтардың наразылығын тудырды

Сурет: pixabay
Үндістанның Гоа штатына әлемдік футболдың марғасқасы Криштиану Роналдудың мүсіні орнатылды. Алайда бұл жаңалық жергілікті тұрғындарды қуанта қоймады, деп хабарлайды Zakon.kz

EUROSPORT-тың хабарлауынша, Роналдудың мүсініне халықтың қарсы болуының басты себебі – 1961 жылға дейін Гоа штаты Португалияның колониясы болғандығы.

Калангут қаласында орнатылған Роналдудың алтын жалатылған тас мүсінінің салмағы – 410 келі. Бағасы – 16 мың доллар.

Криштиану Роналдудың мүсіні Үндістан жерінде алғаш рет орнатылып отыр. Жергілікті жастардың сұранысымен және елімізде футболды дамыту мақсатында осындай қадамға бардық.Гоаның Білім және технология министрі Майкл Лобо

Айта кетейік, Үндістан тек 150 жыл Ұлыбританияның отары болса, Гоа территориясы 450 жыл бойы Португалияға бағынышты болған. Сондықтан да жергілікті халық португалдықтарды ұнатпайды. Көпшілік мүсіннің тұрғызылуына наразылық білдіру үшін қолдарына қара жалау ұстап келіпті. Олар Роналдудың орнына үнді футболшыларын құрметтеу керек деген пікірде.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді