Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті
Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нуртан Ыдырысов Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелей көпсайыстың финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алты снарядтағы жаттығулардың қорытындысы бойынша қазақстандық гимнаст 74,397 ұпай жинап, 24 финалистің арасында 23-орынға тұрақтады.
Жарыста Жапония өкілі Дайки Хасимото 85,998 ұпаймен чемпион атанды. Қытайлық Ян Хаонань 84,199 ұпаймен күміс медальға ие болса, Ұлыбритания спортшысы Джо Фрейзер 83,531 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript