Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында бақ сынайтын қазақстандықтар белгілі болды

Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында бақ сынайтын қазақстандықтар белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 23:08 Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Нидерландтың Роттердам қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүбірлі додада ел намысын алты гимнаст қорғайды. Атап айтқанда Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ильяс Азизов, Нуртан Идрисов, Роман Хегай бақ сынайды.

Бұл бәсекеде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына арналған алғашқы командалық жолдамалар сарапқа салынады.

Айта кетейік, әлем біріншілігі 17-25 қазан аралығында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: