Спорттық құзға өрмелеуден Испаниядағы Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды
Сурет: olympic.kz
Спорттық құзға өрмелеуден Алькобендас қаласында (Испания) өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған халықаралық жарыста отандастарымыз "жылдамдық" дисциплинасы бойынша сынға түседі.
Ерлер арасында Әлішер Мұрат, Дамир Тоқтаров, Әмір Маймұратов бақ сынайды.
Ал әйелдер арасында Анна Баларшина, Тамара Улжабаева, Арина Новицкая жүлдеге таласады.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 28-31 мамыр аралығында өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript