Спорттық гимнастикадан Хорватияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды

Спорттық гимнастикадан Хорватияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2025 22:51 Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы Хорватияның Осиек қаласында өтетін Әлем кубогының төртінші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік додада ел намысын төрт спортшы қорғайды. Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов ат снарядындағы жаттығуда өнер көрсетеді. Милад Карими керме мен еркін жаттығуларда жүлде үшін бақ сынайды.

Ал Асан Сәлімов тіреуішпен секіруден жарысқа қатысады.

Әлем кубогының бұл кезеңі 10–13 сәуір аралығында өтеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: