Қазақстан батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының екінші кезеңінде медаль жеңіп алды

Қазақстан батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының екінші кезеңінде медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2025 18:10 Сурет: olympic.kz
Қазақстан ерлер құрамасы батуттағы гимнастикадан Риччоне (Италия) қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшылар ерлер арасындағы синхронды секіруде сәтті өнер көрсетті.

Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов жұбы қола медаль жеңіп алды.

Олар жарыс қорытындысы бойынша 51,090 ұпай жинады.

Жарыста бірінші орынды Германия спортшылары жеңіп алды – 51,570 ұпай, екінші орын – Франция құрамасына бұйырды – 51,350 ұпай.

Айта кетейік, бұған дейінгі Әлем кубогының кезеңінде де қазақстандықтар жүлдеге қол жеткізген болатын.

Данил Мусабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруде күміс медаль жеңіп алған.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: