Қазақстан конькимен жүгіруден Әлем кубогының кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл жарыста бір медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелдер арасындағы командалық спринтте қазақстандық спортшылар қола медаль жеңіп алды.
Бұл бағдарламада ел намысын Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина қорғады.
Алтын медальді Канада құрамасы жеңіп алса, екінші орынды Польша иеленді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript