Батуттағы гимнастикадан Италиядағы Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан атынан екі спортшы бақ сынайды
Сурет: olympic.kz
Италияның Риччоне қаласында батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған халықаралық жарысқа 26 елден 114 спортшы қатысады.
Қазақстан құрамасының сапында Данияр Тусупов пен Егор Белюсенко сынға түседі. Отандастарымыз жекелей сайыста және синхронды секіруде ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 2-4 қазан аралығында өтеді.
Бұған дейін 23 қыркүйекте Испанияның Понтеведра қаласында триатлоннан әлемдік серияның финалы басталатыны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript