Қазақстандық екі гимнаст әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық екіигимнаст әлем чемпионатының финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 09:22 Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілдері Нариман Құрбанов пен Нұртан Ыдырысов Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуда іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Отандасымыз төрешілердің шешімімен 14,866 ұпай еншілеп, екінші орынға ие болды. Одан жоғары нәтиже көрсеткен Армения өкілі Гамлет Манукян 14,933 ұпаймен бірінші орын алды.

Ал Нұртан Ыдырысов жекелей көпсайыстың финалына шықты. Ол алты снарядтағы жаттығулардың қорытындысы бойынша 79,665 ұпай жинап, іріктеу кезеңін 17-орынмен аяқтады.

Дегенмен Қазақстан ерлер құрамасы командалық финалға өте алмады. Ұлттық құрама 237,594 ұпай жинап, іріктеу кезеңінде 12-орынға тұрақтады.

Ерлер арасындағы жекелей көпсайыстың финалы 22 қазанда өтеді. Ал ат снарядындағы жаттығулар бойынша жүлделер 24 қазанда сарапқа салынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: