Бейжіңде Олимпиаданың алау эстафетасы басталды

Сурет: Ақорда
Алау эстафетасын ресми түрде Қытай мемлекеті кеңесінің бірінші вице-премьері Хань Чжэн ашты деп хабарлайды Zakon.kz

Эстафета үш олимпиадалық кластердегі 12 кезеңнен тұрады. Алауды алып жүруге 14 пен 86 жас аралығындағы жалпы есебі 1200 алау ұстаушы қатысады. Сонымен қатар тарихта алғаш рет алауды адамдар ғана емес, машиналар да алып жүрмек. Салтанатты рәсім Бейжіңнің солтүстігіндегі Олимпиадалық саябақта өтті.

Эстафетаға Қытай азаматтары ғана емес, 20-дан астам ел мен аймақтардан келген шетелдіктер, тіпті роботтар да қатысады.

Пандемияға байланысты эстафетаның бағыты мен ұзақтығы біраз қысқарды. Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында эстафетаға көрермен қатыспайды. Сонымен бірге алауды адамдар тұратын көшелер мен аудандардан алыс жерлерде алып жүру қарастырылған. Олимпиада алауы Қытай Халық Республикасына былтыр 20 қазанда жеткізілген.

Бейжің — 2008 жылғы жазғы және 2022 жылғы қысқы Олимпиада алауын қабылдаған тарихтағы алғашқы қала.

Олимпиада алауының эстафетасы — Олимпиадалық ойындардың маңызды символы. Ол ойындардың басталуын және бейбітшілік пен достықтың маңызын білдіреді. Сонымен қатар Олимпиада ойындарының негізгі тұжырымдамаларын еске салу қызметін атқарады.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді