Ауыр атлетикадан ҚР құрама командасының бас бапкерлері тағайындалды

Сурет: pixabay
Ерлер командасын Смаханов Нұржан Дәуренбекұлы, әйелдер командасын – Сивохин Иван Павлович басқаратын болды, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Ауыр атлетика федерациясы сайтының мәліметінше, бұған дейін Федерация ҰОК және Мәдениет және спорт комитетімен келісе отырып, Қазақстанның ұлттық құрамасын екі командаға – ерлер мен әйелдерге бөлу туралы шешім қабылдаған болатын.

Бірінші кезекте Нұржан Дәуренбекұлын және Иван Павловичті тағайындалуымен құттықтағым келеді! Олардың екеуі де жоғары профильді мамандар, құрама командада жұмыс тәжірибесі бар, ең бастысы – нәтижелер бар! ҚР ААФ Бас хатшысы Алдияр Нұралинов

Командалар биылғы жаңа жылда бірінші ОЖЖ кірісті.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты денсаулық жағдайымен барлық спортшылар толық қатыса алмады, бірақ біз 13 ақпанда басталатын екінші жиынға ұжымдар толық құрамда болады деп үміттенеміз. ҚР Ауыр атлетика федерациясы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды