Қазақстан спортшыларының олимпиададағы киімі ең сәнді формалар қатарына кірді

Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Сарапшылар Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада Қазақстан құрамасының формасы мен отандық дизайнерлердің еңбегін жоғары бағалады, деп хабарлайды Zakon.kz

Халықаралық Олимпиада комитеті Бейжіңдегі қысқы ойындарға қатысатын спортшылар арасындағы ең сәнді киімдер тізімін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық спортшылардың олимпиада формасы да бар.

Сонымен қатар Халықаралық Олимпиада комитеті Forbes журналына сілтеме жасап, қазақстандық спортшылардың киімін «ең жақсы сән дипломатиясы» деп атады.

Бұған дейін америкалық басылым Қазақстанның олимпиададағы формасын Бейжіңдегі ойындарда ең стильді деген рейтингке қосқан еді. Ал былтыр Forbes Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарындағы қазақстандық қатысушылардың формасын да мойындаған еді.

Қазақстан құрамасының спорттық формасы көк-ақ түсті. Мұндағы көк түс мұзды, ал ақ түс қарды білдіріп тұр. Күрте мен жемпір қазақтың ұлттық ою-өрнегімен безендірілген. Маңызды ерекшелігі - киімдегі ел атауы тарихта алғаш рет қазақша латын әріптерімен жазылуы.

Ең сәнді топ-7 киім қатарына Қазақстан құрамасымен бірге АҚШ, Канада, Швеция, Германия, Ресей және Қытай да кірді.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті