Паралимпиада-2022: Қазақстандық дебютант ойындардың үздік жетілігіне енді

Сурет: ҰПК/ Жеңіс Ағыбай
Бейжіңде 2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының екінші жарыс күні басталды. Қазақстандықтар шаңғы жарысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырып жарысатын спортшылар арасындағы 18 шақырымдық сайыста үш жерлесіміз – Денис Петренко, Ербол Хамитов және Юрий Березин (бәрі де отырып, LW12 сыныбында өнер көрсетеді) стартқа шықты.

Бастаған үш қазақстандықтың екеуі (Ербол мен Юрий) Паралимпиада дебютанттары.

Солардың бірі Ербол Хамитов жарыс қорытындысында жетінші орынға табан тіреді. Ол Қытайдан келген жеңімпаздан алты минут 13,9 секундқа ұтылды.

Тағы екі қазақстандық - Юрий Березин мен Денис Петренко қорытынды хаттаманы жауып, сәйкесінше 24 және 25-орындарды иеленді.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстанда 230-дан астам жаңа өнеркәсіптік жоба дайындалды

Қазақстанда скринингтен қашан және қалай өтуге болады

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Алматыда жаңа базар ашылады