Қазақстандық боксшы Елхан Табынбаев жастар арасында әлем чемпионы атанды

Сурет: pixabay
Елхан Табынбаев үшін бұл жеңіс кәсіпқой рингтегі төрт жекпе-жектің ішіндегі төртінші және қарсыласын нокаутпен жеңген екінші жеңісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық боксшы Елхан Табынбаев Мәскеуде үндістандық Исрар Усманимен жұдырықтасты. Таразы басында WBPBF тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы жастар арасындағы әлем чемпионы атағы тұрды, деп жазды Prosports.kz.

Бірінші раундтың өзінде-ақ 22 жастағы алматылық қарсыласының басына қашықтан тура соққы жасады, үндістандық боксшы рингке құлап, жекпе-жекті ары қарай жалғастыра алмады.

Елхан Табынбаев үшін бұл жеңіс кәсіпқой рингтегі төрт жекпе-жектің ішіндегі төртінші және қарсыласын нокаутпен жеңген екінші жеңісі болды.

Ресей
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті