Қазақстан грек-рим күресінен Таиландтағы халықаралық турнирде тағы екі медаль иеленді

Қазақстан грек-рим күресінен Таиландтағы халықаралық турнирде тағы екі медаль иеленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 18:42 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Сирачадағы (Таиланд) халықаралық турнирде тағы екі медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз U17 санатында екі алтын медаль жеңіп алды.

Марлен Тулеш 71 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Ал Арыстан Темерғали 110 келіге дейінгі салмақта алтын тұғырға көтерілді.

Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) және Данияр Қанағатбек (72 келіге дейін) U20 санатында алтын алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: