Шаңғы жарысынан Қазақстан чемпиондары белгілі болды

Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Щучинскіде шаңғымен жарысудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. 29 наурыздағы кезекті жарыс күнінде спортшылар классикалық әдіспен масс-старт жарысын қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер арасында 30 шақырым қашықтықта классикалық стильде жеңіс тұғырының алғашқы екі орнын Қазақстан құрамасының мүшелері мен 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиадаға қатысушылар иеленді.

30 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан әйелдер арасындағы сында Ксения Шалыгина жеңіске жетті. Күміс жүлдені Надежда Степашкина, қоланы Анна Мельник жеңіп алған. 

50 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан ерлер арасындағы бәсекеде алматылық Наиль Башмаков топ жарды. Екінші орынды Владислав Ковалев, үшінші орынды Константин Борцов иеленді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды