Майк Тайсон ұшақтағы мазасыз адамды түйіп-түйіп жіберді

Сурет: Instagram/miketyson
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон Сан-Францискодан Флоридаға ұшып бара жатқанында ұшақ жолаушысын ұрып жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

TMZ таблоиды ер адам өзін біртүрлі ұстап, спортшыны түртпектеп қоймай қойғанын, ақырында Майк Тайсонның жүйкесі сыр беріп, бір-ақ "жарылғанын" жазады.

Белгілі болғандай, ұшаққа мінер алдында Тайсон жанкүйерлерімен бірге суретке түскен. Олардың бірі 55 жастағы боксшымен сөйлесуге тырысып, артынан ілесіп қалмай қояды. Ол өзін әдепсіз, тіпті дөрекі ұстаған. Бұл атақты спортшының жүйкесіне тиіп, ақыры ол артында отырған көршісін бірнеше рет жұдырығымен түйіп жібереді. Видеода зардап шеккен адамның шекесінде қанаған жер де көрінеді.

Оған медициналық көмек көрсетілді. Таяқ жеген адам полицияға арызданды.

Тайсон өзінің спорттық мансабында 50 рет жеңіске жетті (44 нокаутпен), алтауы ғана жеңіліс. Ол - ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, WBC, WBA және IBF белбеулерінің иесі.

Боксшы бірнеше рет рингтен тыс адамдарға қол жұмсап, көзге түскен. Спортшыдан таяқ жегендердің арасында журналист, жеңіл жүрісті әйелдер және кейбір деректерге сенсек, оның бұрынғы әйелі де бар.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі