Нөгербек Қазыбек 18 жасқа дейінгі рапидтен әлем чемпионы атанды

Сурет: Instagram/playchess.kz
FIDE шебері Грекияда өткен World Youth & Cadets Rapid & Blitz Championships 2022 турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

World Youth Rapid Championships жылдам шахмат турнирінде жас жерлесіміз әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Сүйінші жаңалықты Astana орталық шахмат клубы жариялады.

Нөгербек Қазыбек – FIDE шебері, Astana шахмат клубының түлегі.

World Youth Rapid Championships 2022 Open under 18 турнирі аясында соңғы кезеңі аяқталып, FIDE шебері Нөгербек Қазыбек бірінші орын алып, 18 жасқа дейінгі рапидтен әлем чемпионы атанды. Қазыбекті құттықтап, алдағы блиц-турнирде сәттілік тілейміз. Astana орталық шахмат клубы

World Youth & Cadets Rapid & Blitz Championships 2022 Грекияда өтті. Astana орталық шахмат клубы командасын FIDE шебері Нөгербек Қазыбек, Жауынбай Алдияр және Жауынбай Әлімжан бастап барды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда