Нұр-Сұлтанда көркем гимнастикадан ел чемпионаты өтіп жатыр

Сурет: gov.kz
Нұр-Сұлтанда көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

3-12 мамыр аралығында Қазақстанның екі чемпионаты ұйымдастырылады, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Көркем гимнастика орталығында – Тәуелсіздік сарайында ел чемпионаты өтіп жатыр. 3-7 мамыр күндері спорт шеберлері, сондай-ақ 8-12 мамыр күндері спорт шеберлігіне үміткер және 1-разряд арасында Қазақстанның екі чемпионаты ұйымдастырылады. Онда 500-ден аса спортшы бақ сынайды. Сол сияқты еліміздің барлық өңірінен жасақталған құрама команда бөлек қатысады. Сол себепті жарыс өте тартысты өтеді деп сенемін», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 БЖМОРСМ» КММ басшысы Әбілқайыр Сайранбек.

Еліміздің түрлі өңірлерінен жиналған талантты қыздар өз өнерлерін ортаға салды.

«Бұл – Қазақстан ішіндегі ең үлкен жарыс. Сондықтан спортшылардың бәрін көріп шығамын. Топтық командаларды да назарымызға аламыз. Себебі қазір Азия чемпионатына дайындық жүргізіп жатырмыз», - деді Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова.
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды