«Тараз» командасы волейболдан клубтық Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Сурет: Instagram/volleyfederationkz
"Тараз" командасының волейболшылары Тегерандағы клубтық Азия чемпионатын жеңіспен бастады. Турнирдің бірінші матчында қазақстандық клуб Катардың "Әл-Райян" командасынан басым түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбылдық волейболшылар үшін Азия біріншілігінің алғашқы додасы оңайға түспеді, тек бесінші шешуші партияда "Тараз" таразы басын өзіне қарай тарта алды – 3:2 (25:23, 15:25, 23:25, 25:21, 15:10).

Екінші матч 15 мамырда өтеді. Ол кезде отандық волейболшылар Ирактың Erbil Sport Club командасымен кездеседі.

Азия чемпионатының барлық қатысушы командалары 14-16 мамыр аралығында айналмалы жүйе бойынша алдын ала раундтар өткізеді. "Тараз" Al-Rayyan Sports Club (Катар), M. Shahdab Yazd (Иран) және Erbil Sport Club (Ирак) командаларымен қатар B кіші тобында орналасқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды