Рингке оралған Аида Сатыбалдинова алғашқы ойында-ақ чемпион белбеуін еншіледі

Сурет: Instagram/lady_sparta
Аида Сатыбалдинова үшін бұл үш жыл үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болды. Ол соңғы рет 2019 жылдың шілдесінде шаршы алаңда өнер көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (5-2-1, 2 КО) Комерсте (АҚШ, Калифорния штаты) титулдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол гаити аруы Джайка Павилуспен (3-5-1, 1 КО) қолбақ түйістірді. Бұл кездесу титулдық сипатқа ие болды, өйткені GBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы чемпионның белбеуі сарапқа салынды әрі ойын алты раундқа есептелген. Оның қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Сатыбалдинова жеңіске жетті.

Осылайша, Аида Сатыбалдинова кәсіби мансабында алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, GBO нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді ұтып алды, ал Джайка Павилус алтыншы жеңілісімен бетпе-бет келді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті