Бір күміс, бір қола: Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі

Сурет: kaztkd.kz
Оңтүстік Кореяда өткен Азия біріншілігінің үшінші күні қазақстандық таэквондошылар бір күміс пен бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратты Қазақстан таэквондо федерациясының баспасөз қызметі жариялады.

Дениз Жансель жартылай финалда ливандық қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Алайда алтын үшін күресте ол Иран спортшысына есе жіберді. Нәтиже - 73 келі салмақтағы күміс медаль.

Смайыл Дүйсебай үздік үштікке енді. 87 келі салмақ дәрежесінде Дүйсенбай алғашқы жекпе-жегін 2:1 есебімен ұтты. Оның қарсыласы Қытайдан келген спортшы болды. Өкінішке қарай, жартылай финалда отандасымыз Өзбекстан спортшысынан 1:2 есебімен ұтылды.

87 келіден жоғары салмақта Руслан Жапаров қытайлық таеквондошыға есе жіберді. Есеп - 0:2.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін