Қазақстан 2027 жылғы хоккейден Әлем чемпионатын өткізуге рұқсат сұрап, өтініш тапсырды

Сурет: pixabay
Қазақстаннан бөлек Германия мен Норвегия да өтініш тапсырды. Дүниежүзілік спорттық шара өткізуге лайық Қазақстанда екі ірі нысан бар – "Барыс Арена" және "Алматы Арена", деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық хоккей федерациясына 2027 жылғы хоккейден Әлем чемпионатын өткізуге Германия, Қазақстан және Норвегия сияқты үш елден өтініш хат келіп түсті.

Қазақстан бұрын-соңды жоғары деңгейде шайбалы хоккейден Әлем чемпионатын өткізіп көрмеген, бірақ өтініш хатта көрсетілген екі ірі нысан бар: Астанада - 11 400 орындық "Барыс Арена" және Алматыда - 12 500 орындық "Алматы Арена".

Әлем чемпионатын өткізуге үміткер елдер алдағы айларда егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуі керек. Жоспарды дайындап болған соң оны Халықаралық хоккей федерациясына ұсынады.

Жеңімпаз елдің аты 2023 жылы Финляндияда федерацияның жыл сайынғы конгресінде жарияланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады