Тимофей Скатов теннистен Қазақстанның екінші ракеткасы атанды

Сурет: ktf.kz
Петропавлдық 21 жастағы теннисші Тимофей Скатов әлемдік ATP рейтингісінде айтарлықтай серпіліс жасады. 3 қазан күні қазақстандық спортшы жекелей сында әлемнің ең үздік теннисшілері рейтингісінде 209-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша Тимофей Скатов Михаил Кукушкинді ATP-дағы қазақстандық теннисшілер рейтингісінде екінші орыннан үшінші орынға жылжытты. Қазіргі уақытта Скатовтың еншісінде 247 ұпай бар, ол соңғы аптада 24 ұпай жинады. Оған жас спортшының Португалия астанасы Лиссабон қаласында өткен "Челленджерде" сәтті өнер көрсетіп, жекелей сында жартылай финалға шығып, бірқатар танымал ойыншыларды жеңгені ықпал етті.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Димаш Колумбияға алғаш барды. Әнші Богота әуежайында жанкүйерлері қалай қарсы алғанын көрсетті

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады