Таразда облыстық спорттық сайыс өтті

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Тараз қаласында Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақтың спорт алаңшасында қала күніне орай "Біз – нашақорлыққа қарсымыз!" ұранымен жастар арасында "STREETWORKOUT" облыстық спорттық сайыс өтті.

Бұл сайыс облыстық дене шынықтыру және спорт басқарамасы мен Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен өтті. Шараның ерекшелігі: спорттық жарыстар алаңқайдағы құрылғылардың қолданылуымен жүргізіледі. Мәселен, балтемір, көлденең баспалдақ секілді қарапайым құрылғылар арқылы ешбір артық шығынсыз ойын жарыстары ойнатылады.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл ретте шара ұйымдастырушылары аталмыш спорт түрі шет мемлекеттерде көптеп өтетінін алға тартып отыр. Жалпы чемпиондық атаққа өңіріміздің әр аумағынан 100-ге жуық спортты жанына серік еткен жандар қатысты.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар:

Кермеде (турник) тартылу:

Қосымша салмақпен (16 кг):

Қос сырықтың (брусья) үстінде тартылу:

Қосымша салмақпен (16 кг):

Кермеде (турник) тартылу:

Қосымша салмақсыз:

Қос сырықтың (брусья) үстінде тартылу:

Қосымша салмақсыз:

I орын: 20 мың теңге

II орын: 15 мың теңге

III орын: 10 мың теңге

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды