Шавкат Рахмонов – Джефф Нил жекпе-жегінің қай күні өтетіні белгілі болды

Сурет: Instagram/shavkatrakhmonov94
ESPN инсайдері Бретт Окамото мен MMAJunkie мәліметтері бойынша, отандасымыз Шавкат Рахманов пен америкалық Джефф Нилдің жекпе-жегі 2023 жылдың 14 қаңтарына белгіленіп отыр. Олар UFC-дің бірінші турнирінде бақ сынасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекпе-жек үш раундты құрайды.

UFC Fight Night 217 турнирі Лас-Вегастағы UFC Apex алаңында өтеді деп жоспарланған. Айта кетсек, мұнда Шавкаттың соңғы үш жекпе-жегі өтті.

Бір де бір рет жеңіліп көрмеген отандасымыздың жекпе-жекке шақыруын ұзақ уақыт күтіріп барып, американлық UFC файтері қабыл алған еді.

Жекпе-жек айшықты әрі тартысты болады деп уәде етіледі.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді