Футболшылардың төбелесі кезінде әйел төреші соққыға жығылды - видео

Әйел төреші, Матильда Демонсэ, Мец, Фортуна, матч, футбол, төбелес, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2026 18:09 Сурет: pixabay
Төреші Матильда Демонсэ "Мец" (Франция) пен "Фортуна" (Нидерланды) командалары арасындағы футболдан жолдастық матч кезінде ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші таймдағы ойын барысында футболшылар арасында жаппай төбелес басталды. Осы матчта бас төреші болған Демонсэ жанжалдасқандарды ажыратпақ болған кезде соққы алып, газонға сұлап түсті.

26 жастағы рефери бірнеше минут бойы қолын ұстаған күйі жерде жатты. Оған көмекке ойынның басқа төрешілері, медиктер мен қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері жүгіріп келді.

Арбитр Матильда Демонсэ накануне получила серьезную травму во время товарищеского футбольного матча между командами "Мец" (Франция) и "Фортуна" сообщает Zakon.kz.

Ойын қайта жалғасқаннан кейін Демонсэ біраз уақыт бойы сырт төреші ретінде қызметін жалғастырды, бірақ екінші таймда алаңға мүлдем шықпады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, көп ұзамай ойыншылар өз әрекеттері үшін кешірім сұрап, оған "Мец" клубының жейдесін сыйлаған. Ал дәрігерлер біраз уақыттан кейін оған "мидың жеңіл шайқалуы" деген диагноз қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: