Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Азия чемпионатының соңғы күні қыздар арасында кросс-кантри элиминатор жарысы өтті.
Бұл бағдарламада отандастарымыз Алина Сарқұлова мен Виолетта Казаковаға тең келер ешкім болмады.
Алина Сарқұлова алтын медаль иеленіп, "элита" санатындағы әйелдер арасында маунтинбайктан Азия чемпионы атанды. Ол осы спорт түрінен Қазақстандағы алғашқы чемпион қыз екенін баса айта кетелік. Осы санатта Виолетта Казакова жеңімпаздар тұғырының екінші баспалдағына көтерілді.
Кросс-элиминатор - қызықты жарыс, соңына дейін не болатынын елестете алмайсыз. Жасөспірімдер мұнда "элита" санатына қабылданды және біздің жасөспірімдер жасына қарамастан қатты еңбектеніп, тамаша өнер көрсетті. Алина Сарқұлова медальдан үмітті болатын. Ал Виолетта Казакова, әрине, бәрімізді таң қалдырып, қатты қуантты, онда спринтерлік қасиеттер айқындалып келеді. Жарайсыңдар, қыздар. Азия чемпионатын әдемі аяқтадыңыздар. Тау велосипедінен ҚР құрамасының бас бапкері Александр Дымовских
Сурет: Instagram/kcfkz
Осы чемпионатта Қазақстан велосипедшілері жалпы 7 медаль жеңіп алды. АЧ-2022-ның бірінші күні Денис Сергиенко, Алексей Фефелов, Егор Карасев, Алина Сарқұлова және Темірлан Мұхамедиянов эстафетада жеңіске жетті.
Содан кейін жасөспірімдер Алина Сарқұлова мен Виолетта Казакова кросс-кантри элиминатор жарысында бірінші және екінші орындарды жеңіп алды. Жарыстың осы түрінен Денис Сергиенко андера санатында өнер көрсетіп, күміс медаль иеленді.
Чемпионаттың соңғы күні Алина Сарқұлова кросс-кантри олимпик жарысында қола медаль жеңіп алды.