Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылардың құрамы белгілі болды

30 қазанда Иорданияда қазақстандық спортшылардың қатысуымен бокстан Азия чемпионаты басталады. Осындай жауапты старттар қарсаңында Қазақстан құрамасының тәлімгерлері Амман рингінде ел намысын қорғайтын боксшылардың есімін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан барлық 13 салмақ дәрежесінде қатысады. Бұл жолғы тізім бокс жанкүйерлеріне өте танымал және таныс.

48 келі: Санжар Тәшкенбай (Астана) – жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы, Қазақстан-2021 чемпионы.

51 келі: Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) – 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және 2021 жылғы әлем чемпионы.

54 келі: Сабырхан Махмуд (Шымкент) 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі және жастар арасындағы Азия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы.

57 келі: Серік Теміржанов (Павлодар облысы) – 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі және жастар арасындағы Азия чемпионы.

60 келі: Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы) – жастар арасындағы Азия чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионатының финалисі және Қазақстан Республикасы Спартакиадасының чемпионы.

63,5 келі: Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы) – жастар арасындағы Азия чемпионы және Азия чемпионатының қола жүлдегері.

67 келі: Дулат Бекбауов (Жамбыл облысы) Қазақстан чемпионы.

71 келі: Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы) – Азия чемпионы, Азия ойындарының финалисі және Дүниежүзілік Армия ойындарының екі дүркін жеңімпазы.

75 келі: Нұрқанат Райс (Атырау облысы) Қазақстан чемпионы.

80 келі: Нұрбек Оралбай (Астана) – жастар арасындағы әлем чемпионы және Қазақстан чемпионы.

86 келі: Сағындық Тоғанбай (Түркістан облысы) – жастар арасындағы Азияның бірнеше дүркін чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионатының финалисі және Қазақстан чемпионы.

92 келі: Айбек Оралбай (Астана) – Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы және Қазақстан чемпионы.

+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы) – 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және әлем чемпионатының финалисі.

Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы осы күндері Алматы облысының тау бөктеріндегі оқу-жаттығу жиынын аяқтап, 28 қазанда Амманға ұшады.

Дайындық жоғары деңгейде, Азия чемпионаты қарсаңында еш қиындық көрген жоқпыз. Қазақстандағы бокс әрқашан арнайы есепте тұрады. БАӘ-де өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа тағына алмадық. Бұл жолы онвң орнын толтырғымыз келеді. Сондықтан медальдық есепте бірінші командалық орынға дайындалып жатырмыз.Бокстан Қазақстан Республикасы ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов

30 қазанда бокстан 32-Азия чемпионаты басталады, жеңімпаздар 13 қарашада белгілі болады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: