Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Азия чемпионы атанды

Сурет: sports.kz
Иорданияда 2022 жылғы бокстан Азия чемпионатының ақтық сыны өтіп жатыр. Көнге тігілген 13 салмақ дәрежесіндегі жүлделердің тоғызына Қазақстан спортшыларының таласы бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек шымбергенов шаршы алаң қожайыны - иорданиялық Зеяд Ишайштанды нокдаунға жіберіп, қазылар алқасының бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңімпаз атанды, деп хабарлайды sports.kz .

Сонымен, Қазақстан құрамасының қоржынында, әзірге бір алтын, төрт күміс медаль бар. Алтын медаль Санжар Тәшкенбайға (48 кг) тиесілі, ал үш күміс жүлде иегерлері - Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг) Серік Теміржанов (57 кг).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді