Бокстан АЧ-2022: Нұрқанат Райыс Өзбекстан спортшысына жол беріп, күміс медаль еншіледі

Сурет: sports.kz
Қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс Амман қаласында (Иордания) өткен Азия-2022 чемпионатының ақтық сынында өнер көрсетіп, Өзбекстан боксшысымен "алтын" жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрқанат Райыс финалда өзбекстандық Саиджамшид Жафаровтан жеңіліп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Турнир барысында Нұрқанат Райс қырғыз боксшысы Сағын Сатыбалдыұлы мен ирандық Сейедшахин Мусавиді жер қаратқан еді. Айта кетсек, Райс бокстан Қазақстан чемпионы болып табылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстанның Азаматтық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылды

Президент жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді