Қазақстан құрамасы саңыраулар арасындағы футзалдан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Сурет: Facebook/DIFADFU21
Малайзияның Куала-Лумпур қаласында құлағында мүкісі бар 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында футзалдан 2022 жылғы әлем чемпионаты аяқталды. Финалда қазақстандық футзалшылар Иран спортшыларына жол берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы шағын топтағы барлық кездесулерін, соның ішінде плей-офф ойындарын да жеңіп, финалға шықты. Дегенмен, "алтын" үшін өткен тартыста спортшыларымыз Иран футзалшыларынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша біздің жігіттер алғашқы әлем чемпионатын екінші орынмен аяқтады.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Қытайды – 11:0, Тайландты – 6:0 және Өзбекстанды – 9:4 есебімен ұтты. Ал Әзірбайжан 1/4 финалда 5:1 есебімен ұтылды. Финалға шығу үшін өткен кездесуде қазақстандықтар турнир қожайындары Малайзиядан 4:3 есебімен басым түсті.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін