Шахматшы қыз Бибісара бозбалаларды елеңдеткен сауалға жауап берді

Сурет: Instagram/bibisarachess
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Instagram-дағы парақшасына келіп түскен сұрақтардың біріне жауап берді. Ол оның жеке өмірімен байланысты сұрақ болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бибісара Асаубаева Instagram-дағы өз парақшасында анонимнің атынан келіп түскен сұраққа жауап беруді жөн көріпті.

"Бір ыдыста тіс щеткам Сіздікімен бірге тұруы үшін не істесем болады?", деп сұрайды аноним жігіт Бибісарадан. 

"Ештеңе. Өйткені қазір ол арада бос орын жоқ", деп жазған спортшы қыз бір-екі эмодзиді де іле кетіп, деп хабарлайды Sports.kz желіден скриншот ұсынып.

Алайда спортшы қыздың желідегі парақшасында бұл жазба қазір жоқ, соған қарағанда ол оны жойып жібергенге ұқсайды.

Айта кетсек, 18 жастағы Бибісара Асаубаева блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы, сондай-ақ әлем чемпионатының күміс жүлдегері және рапидтен Азия чемпионы. Қазіргі уақытта Тараздың тумасы Мәскеуде тұрады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды