Қазақтың салт-дәстүрі бойынша Илья Ильиннің қалыңдығының бетін ашқан жігіт кім?

Сурет: видеодан алынды
Илья Ильин осынау әсем де маңызды салтанатты ықыласпен, үлкен тебіреніспен орындағанын жеткізді. Ол Instagram-дағы парақшасында бұл ұсыныс "Хабар" телеарнасынан келіп түскенін жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақ халқының, қазақ жерінің перзенті ретінде салт-дәстүрімізді ардақтаймын! Сондықтан @khabartv @oyanqz арнасы беташар рәсімін өткізуге шақырғанда, ойланбастан келістік!Шынымды айтсам, мен өте риза болдым! Қазақстан халқының қолдауын сезіндім, шынында да елімнің ұлы екенімді сезіндім! Осынау әсем де маңызды салтанатты ықыласпен, үлкен тебіреніспен орындадық. Ал сіздер тамашалап, жас отбасымызға ақ бата берсеңіздер, жаңа шаңырағымызға ақ жол тілеп жатсаңыздар, қатты қуанамыз! Достар, барлық құттықтауларыңыз бен жылы лебіздеріңіз үшін көп көп рахмет!" делінген Илья Ильиннің желідегі жазбасында.

Сондай-ақ ол алда Құдай үйінде неке қию рәсімін өткізу жоспары барын да жеткізді. 

"Биылғы жылдың 12 қаңтарында Таня екеуміз мемлекет алдында некемізді заңдастырдық, бүгін қазақтың салт-дәстүрі бойынша жүрегімізге мөр бассақ, сәуір айында Құдайдың алдында неке байлауымызды бекіткіміз келеді! Баршаңызға шынайы құрметтерініңіз бен қолдауыңыз үшін тағы мың да бір рахмет айтамын! Мен үшін бұл өмірдегі ең қымбат нәрсе! Барлық Қазақстан халқына махаббат, түсіністік және байлық тілеймін! Бақытты болыңыздар!", деп жазды ол.

Илья Ильин мен Татьяна Гордиенко 12 қаңтарда шаңырақ көтерді. Іскер ару Павлодарда туып-өскен, кейін Алматыға көшіп келген. Одан кейін Астананы бетке алып, сонда өз бизнесін белсенді дамытуға қол жеткізді.  

Әлеуметтік желідегілер келіннің бетін ашқан жігіт кім екенін қызықтап сұрастырып жатыр. Видеода оған тележүргізуші: "Бек мырза, рақмет" деп алғыс айтады. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев