Отандық әскери спортшы ірі халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Сурет: gov.kz
Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының былғары қолғап шебері, Қарулы күштердің қызметкері Теміртас Жүсіпов Венгрияның Дебрецен қаласында Иштван Бочкайды еске алуға арналған беделді халықаралық турнирде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалға шыққанға дейін Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейін салмақта екі мәрте жеңіске жетті. Оның рингтегі қарсыластары Өзбекстаннан келген боксшы Дониер Бекмуродов және әзірбайжандық спортшы Тұрал Сариев болды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қырғызстаннан келген боксшы Асылбек Аманқұлұлымен шешуші жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімімен Теміртас Жүсіпов жеңімпаз атанды. Осылайша, армия спортшысы халықаралық турнирде Қазақстан ерлер құрамасының құрамында алғашқы алтын медальді жеңіп алды.

Теміртас Жүсіпов – Қазақстанның алты дүркін, Азия (2013 жыл) және әлем (2021 жыл) чемпионы.


Сурет: gov.kz


Айта кетсек, алдында Мажарстанның Дебрецен қаласында өткен халықаралық турнир финалында қазақстандық боксшылар абсолютті көрсеткіш көрсетіп, финалға шыққан алты боксшымыз да чемпион атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Елімізде білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделі жөніндегі пилоттық жоба іске қосылмақ