"Қан да болды, дау да болды". Бекзат Нұрдәулетов жартылай финалға шыға алмады

Сурет: sports.kz
Софияда (Болгария) бокстан өтіп жатқан "Странджа" халықаралық турнирінде қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов пен өзбекстандық Жасурбек Юлдошев шаршы алаңда жұдырық түйістірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрдәулетов пен Юлдошев 1/4 финалында кездесіп, жанкүйерлерге жан берісіп, жан алысқан нағыз жекпе-жекті сыйлады, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл жекпе-жекте қан да болды, дау да болды. Қаралық ойнаған Юлдошевтың жекпе-жек барысында екі ұпайы шегерілді де.

Қазылардың дауысқа салу нәтижесінде, 3:2 шешімімен өзбекстандық боксшы жеңіске жетті. Осылайша, Бекзат Нұрдәулетов турнирдің жартылай финалына шыға алмады.

Айта кетейік, Нұрдәулетов 2019 жылы әлем чемпионатында алтын медаль еншілеген. Сондай-ақ, ол кәсіби рингте өнер көрсетеді. Нұрдәулетовтің қарсыласына келетін болсақ, Жасүрбек Юлдошев - Өзбекстан чемпионы және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының "алтын" иегері.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді