"Странджа-2023" турнирінде ақтық сынға өткен Оразбек Асылқұлов бүгін өнер көрсетеді

Сурет: sports.kz
26 ақпанда София қаласында (Болгария) өтіп жатқан халықаралық "Странджа-2023" турнирінде Оразбек Асылқұлов 57 келі салмақта жергілікті болгар боксшысымен басты жүлдені өзара сарапқа салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дегенмен Болгария құрамасының намысын қорғайтын Хавьер Ибаньес түбі кубалық болып табылады.

Аталған жекпе-жек Астана уақыты бойынша 21:00-де басталады. 

Бұған дейін Оразбек Асылқұлов ирландиялық Джуд Галлахер, бразилиялық Луис Оливейр, өзбекстандық Абдумалик Халоков пен армениялық Артур Базеянды орта жолда қалдырып, турнирдің финалына суырылып шыққан еді.

Сондай-ақ, аталған турнирде Нұрқанат Райыс (75 келі) қола жүлдеден үмітті. 

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті