"Ливерпуль" - "Манчестер Юнайтед": әлемдік футболдағы басты шайқастардың біріне болжам

Бұл клубтар қандай күйде және қай жерде болса да, олардың бетпе-бет кездесулері әрқашан бүкіл әлем назарын аудартады. Англияда бұдан әсерлі жекпе-жек тамашалауыңыз екіталай. Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы матчқа өз болжамын бөлісті.

"Ливерпуль"

Юрген Клопптың командасы аңсаған бірінші төрттікке жақындай түсуде. Соңғы төрт турда мерсисайдтар жерлестері "Эвертонды" , жан тыныштығын ұрлаған "Ньюкаслды", ал соңғы турда "Вулверхэмптонды" жеңіп, 10 ұпай жинады. Бірақ психологиялық тұрғыдан алғанда, "Ливерпуль" бұрынғы батыл рухымен мақтана алмайды, өйткені "Реалдан" 2:5- есебімен жеңілістері әлі де есінде. Алайда, "Манчестер Юнайтедпен" өтетін матчта жеңіске ие болса, Клопптың жігіттеріне мадридтік алыптармен Чемпиондар Лигасында кездесу алдында өз күштеріне деген сенімділігін нығайтар еді.

"Манчестер Юнайтед"

Эрик Тен Хагқа ақпан айында өткен ойындарға көңілі толуы тиіс. Өйткені, өткен айда "қызыл сайтандар" Англия лигасының Кубогын қанжығасына байлады, "Барселонаны" жеңіп, Еуропа Лигасына өтті, ал чемпионатта орта деңгейдегі командалар және аутсайдерлермен кездесулерде ұпайларын жоғалтқан жоқ. Рашфорд қазір мықты дайындықта, ал жас Гарначо жанкүйерлерінің саны күннен күнге артуда. Бір сөзбен айтқанда, "Манчестер Юнайтедтің" жағдайы жаман емес.

Жеке кездесулер тарихы

Аталған қарсыластар арасындағы соңғы 2 матч "Манчестер Юнайтедтің" пайдасына аяқталған еді. Бірақ ол "Олд Траффордта" болғанын ескеру керек. Бірақ "Энфилдтегі" соңғы үш матчта алаң иелері жеңісті екі рет атап өтіп, тек бір рет кездесуде нөлдік тең нәтижемен аяқтады. Бұлардың өзара шайқасында гол санының аз болуы сирек кездесетін құбылыс.

Матчқа болжам

Иә - екі команда да гол соғады. Бұл нәтиже үшін Parimatch-тегі достарым 1.52 коэффициентін ұсынады. Менің ойымша: тең ойын болатын сияқты. Мұндай ұтыс тігулердің коэффициенттері әрқашан жоғары болады, аталған жағдайда – 3.65. Қалай болғанда да, мен осы нәтижеге тәуекел етуге ниеттімін.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне төмендегідей болжам жасайды:

"Ливерпуль" - 2.41, Тең ойын – 3.75," Манчестер Юнайтед " - 2.85


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: