ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, сайыс нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 3944 ұпай жинап, топ-5-ке кірді.
Жеке есепте Ербол Хамитов парабиатлонда 790 ұпаймен екінші, ал шаңғы жарысында 752 ұпаймен үшінші орынға ие болды.
Былтыр Бейжіңде өткен қысқы паралимпиаданың жүлдегері Александр Герлиц те маусымды "үздік бестіктің" қатарында аяқтады. Оның еншісінде 630 ұпай бар.
"Біз үшін паралимпиадалық спорттың маңызы олимпиадалық спорт түрлерінен кем емес. Сондықтан біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарға спортта өздерін тауып, нәтижеге жетуі үшін мүмкіндігінше барлық жағдайды жасаймыз. Қазақстан құрамасын осы нәтижемен құттықтаймын және спортшыларымызға болашақта да спорттың биік шыңдарын бағындыруды тілеймін".Мәдениет және спорт вице-министрі Сарсен Құранбек
25 қаңтар күні Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды. Ол әлем чемпионатындағы спринтті 2:44:23 уақытта бағындырып, жеңіске жетті.