Шавкат Рахмонов Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Шавкат Рахмонов Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшы қобдалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты. Қолдау ретінде бір отбасыға үй салып беретінін қуанышпен жеткізді.

"Наурыз мейрамымен баршаңызды құттықтаймын. Керемет күнде 24 үйдің қазығы қағылып жатыр. Мен де бұл бастамаға өз үлесімді қосамын деп шештім. "Апат айтып келмейді" дейді. Сынақтарға мойымай, жеңе білдіңіздер. Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін. Тек алға!"Шавкат Рахмонов

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады