Көкшетауда студенттер сушиден жаппай уланған

Сурет: pixabay
Көкшетауда студенттер жаппай сушидан уланған дәмхананың үш аспазы мен ондағы азық-түліктен стафилококк таяқшасы табылды. Санитарлық нормаларды сақтамаған дәмхана иесіне қатысты іс полицияға жолданған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Уланып қалдық. Ол түнгі кезде басталды. Диагнозы іші өтіп, жүрек айну болды. Сосын қызуы көтерілген болатын". Студент Махамбет Көшей

Қаладағы мәдени шаралар байқауына қатысып, 40 мың теңге ұтып алған 17 студент дәмханаға барған. Тапсырыс берген сушилары тез дайын болғанына қуанғанымен, бұл отырыстың бұлай аяқталарын білмеген. Түн ішінде бәрінің іші ауырып жедел жәрдем шақырған.

Осыдан кейін жақында ашылған дәмхананы санитар дәрігерлер тексерген. Аспазынан да, асынан да ауру қоздырғыш таяқшалар табылған. Қазір дәмхана уақытша жабылып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Ақпарат түсе, біз дәмхананы тексеруге кірістік. Науқастардан да, дәмхана қызметкерлерінен де, азық түліктен де түрлі сынамалар алынды. Нәтижесінде үш аспаз стафилококк таяқшасын тасымалдаушы болып шықты. Азық түліктен де зиянды қоздырғыштар табылды. Дәмхана жұмысын құзырлы орындарға ескертусіз бастаған. Қазір істі полицияға бердік".Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау басқармасының басшысы Айнагүл Мусина

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек