Мадридтегі "Мастерс" турнирінде Елена Рыбакина жапондық жұпты сан соқтырды

Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 Madrid турниріндегі жұптық жарысты сәтті бастады. Ол ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге Жапония өкілдері Шуко Аояма мен Ена Шибахараны жеңіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакина/Павлюченкова жұбы жетінші нөмірде өнер көрсеткен жапон теннисшілерінен мықты екенін дәлелдеп,  екі сетте 6:0, 6:1 ұпайымен оларды ойсырата ұтты.

Небәрі 51 минутқа созылған матчта Рыбакина мен Павлюченкова 4 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді.

Жүптық жарыстардан кейін Елена Рыбакина жекелей сында өнер көрсетеді. 28 сәуірде ол турнирдің екінші айналымында жақында ғана Майамиде кездескен ресейлік Анна Калинскаямен ойнайды. Ол кезде Елена одан басым түскен.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді