16 жастағы қазақстандық парадзюдошы Әлфия Тілекқабыл Азия чемпионатында топ жарды

Сурет: Қазақстан пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметі
Парадзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті. Екінші жарыс күнінде 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Әлфия Тілекқабыл жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол көзі мүлдем көрмейтін спортшылар санатында (J1) белдесті. Айналмалы жүйе бойынша күрескен ол чемпиондық атаққа дейін Дилорам Диханова (Қазақстан) мен Хосиотхан Позильжонова (Өзбекстан) жеңді.

16 жастағы Әлфия үшін бұл - алғашқы Азия чемпионаты. Ол парадзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасына биыл қосылған.

Парадзюдодан Азия біріншілігі Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Алғашқы жарыс күнінде қазақстандық Даяна Федосова (-57кг, J2) мен Ерғали Шамей (-73кг, J1) чемпион атанса, Ақмарал Науатбек (-52 кг, J2) күміс, Олжас Оразалы (-73 кг, J2) қола медаль еншілеген.

Париж Паралимпиадасы алдындағы ресми чемпионатта спортшылар J1 (көзі мүлдем көрмейтін) және J2 (көзі нашар көретін спортшылар) санаты бойынша бақ сынап жатыр.

Құрлықтық дода 30 сәуірге дейін жалғасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады