Қазақстан семсерлесуден Швейцариядағы Әлем кубогы кезеңінде бесінші орын алды
Сурет: olympic.kz
Берн қаласында (Швейцария) семсерлесуден ерлер арасында Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Командалық жарыста Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетті. Турнир барысында қазақстандық шпагашылар Бразилия құрамасын 44:22 есебімен, ал АҚШ командасын 45:39 есебімен жеңді. Алайда ширек финалда Швейцарияға 36:38 есебімен жол берді.
5-8 орындар үшін өткен кездесулерде Қазақстан құрамасы Мысырды 41:26, Гонконгті 36:35 есебімен жеңіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Әлем кубогы кезеңінде ел намысын Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Никита Жулинский және Кирилл Проходов қорғады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript