Алматыда заң талаптарын бұзған сауда орындарының қызметі уақытша тоқтатылды

Алматыда заң талаптарын бұзған сауда орындарының қызметі уақытша тоқтатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 19:42 Сурет: polisia.kz
Алматы қаласында алкоголь өнімдерін сату саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кезекті заң бұзу дерегі Медеу ауданында анықталды. Сот шешімімен сауда нысандарының бірінің қызметіне уақытша шектеу қойылып, алкоголь өнімдері тәркіленді. Сонымен қатар аталған нысанның алкоголь өнімдерін сатуға берілген лицензиясының күші уақытша тоқтатылды.

Бұл шаралар полиция қызметкерлері мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылды. Полиция мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтар мегаполис аумағында тұрақты түрде анықталып, әрбір дерек бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдануда.


"Заң талаптарының сақталуын бақылау жұмыстары жүйелі түрде және барлық мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл негізінде жүргізіліп келеді. Кез келген құқық бұзушылық заңда көзделген жауапкершілікке әкелетінін ерекше атап өткім келеді. Сауда нысандарының қызметін уақытша тоқтату тәжірибесі бұған дейін де қолданылған және алдағы уақытта да жалғасады. Заң баршаға ортақ, сондықтан оның талаптарын елемеуге жол берілмейді", — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: