Алматыда полицейлер бір тоннадан астам алкоголь өнімін тәркіледі

Алматыда полицейлер бір тоннадан астам алкоголь өнімін тәркіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2026 21:15 Сурет: polisia.kz
Алматы қаласында алкоголь өнімдерінің заңды айналымын бақылау және осы саладағы заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында полиция тарапынан жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу аудандық полиция басқармасының мәліметінше, профилактикалық іс-шаралар барысында алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзудың 45 дерегі анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабымен қарастырылған.

Сонымен қатар тексеру барысында бір дүкенге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдарын қарау нәтижесінде сот алкоголь өнімдерін сату лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта аталған сауда нысанының қызметі тоқтатылып, жұмыс істемей тұр.

Бұдан бөлек тексерулер кезінде алты дүкеннен алкоголь өнімдері тәркіленді. Аталған фактілер бойынша материалдар сотта қаралды.

Сондай-ақ тексеру барысында бір диско-бардың әкімшілігі де жауапкершілікке тартылды. Нысаннан шамамен 400 литр алкоголь өнімі тәркіленді.

Жалпы жүргізілген іс-шаралар аясында заңсыз айналымнан 1 мың 150 литрден астам алкоголь өнімі алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: