Айбота Ертайқызы: Азия чемпионатының финалында сәтті өнер көрсеткеніме қуаныштымын

Айбота Ертайқызы: Азия чемпионатының финалында сәтті өнер көрсеткеніме қуаныштымын, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 21:56 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Айбота Ертайқызы Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жарыстан кейін спортшы финалда қателік жібермей өнер көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Азия чемпионатының жекелей көпсайыстағы финалы аяқталды. Бұл өте жауапты сын еді. Ерекше толқу болды. Соған қарамастан, өзімді қолға алып, сәтті өнер көрсете алғаныма қуаныштымын. Нәтижесінде төрт жаттығудың барлығын да қатесіз орындап шықтым.

Осы жарысқа дайындық барысында қолдау көрсетіп, көмектескен жеке бапкеріме және Әлия Юсуповаға алғысымды білдіремін. Командам мен жаттықтырушылар құрамының еңбегін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Олардың қолдауы болмаса, мұндай нәтижеге жету де мүмкін болмас еді", – деді Ертайқызы.

Финалда Айбота Ертайқызы жалпы есепте 113,65 ұпай жинады. Бұл – оның Бішкектегі екінші жүлдесі. Бұған дейін ол командалық көпсайыста күміс медаль алған болатын.

Ертең, 26 мамырда гимнаст жекелей жаттығулардағы финалдық сайысқа қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: