Ташкентте Қазақстанның олимпиада чемпионы жарыс басында жеңіліп, сенсация тіркелді

Сурет: видеодан алынды
92 келі салмақ дәрежесінде Айбек Оралбай Ташкентте (Өзбекстан) бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатында екінші рет шаршы алаңға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1/16 финал кезеңінде 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Италия боксшысы Азиз Аббес Мухийдинмен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің нәтижесі бойынша төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс Мухийдинге берілді, деп хабарлайды Sports.kz.

Осылайша, Айбек Оралбай турнирдің келесі кезеңіне өте алмады. Ол Ташкенттегі Әлемдік чемпионатындағы алғашқы кездесуінде болгариялық Радослав Панталеевті жеңген болатын. Оралбай - 2022 жылғы Азия чемпионы және 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада чемпионы. Оның қарсыласы туралы айтатын болсақ, Азиз Аббес Мухийдин — 2021 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері және қазіргі Еуропа чемпионы.

Айта кетсек, бұл - Қазақстан құрамасы үшін турнир барысындағы үшінші жеңіліс: бұған дейін Талғат Сырымбетов (60 кг) және Санатәлі Төлтаев (63,5 кг) жарысты мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.


Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай